Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  36


Автор: Иран-Ғайып

Құлақ түр де зарпыма

Құлақ түр де зарпыма,
Соқ,
Тоқтама,
Жүрегім?! –
Келтірем әз қалпына
Жардың қашқан реңін!
Күн етемін түнімді,
Ұйып,
Қаным,
Қарайма?!
Жырлап –
Өлген ұлымды
Тірілтемін қалайда!
Тасқа ұрамын басымды,
Соғам барып тауға да –
Құрғатам көз жасымды –
Санам,
Суып,
Жаурама!
Шермен біте қайнасып,
Хан сауығын құрамын –
Қаз тұрады,
Тәй басып –
Мұнар,
Мұнар,
Мұнарым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу