Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  17


Автор: Иран-Ғайып

Құранның аят-сөзіндей

Құранның аят-сөзіндей
Қыран-бейнеңді қорыдым.
Соқырдың шыққан көзіндей –
Үңірейеді орының...
Жел тигізбедім жүзіңе,
Өтінен жырақ ұстадым.
Табынтып
Бақұл ізіңе –
Баяндап бақыт құшпадың?!
Күн түсірмедім қорғалап,
Жанымның шуағын түсірдім.
Қарағым-дап,
Қалқам,
Қарға-лап,
Ұяңнан ылажсыз ұшырдым.
Мұнартып,
Кеттің келмеске,
Жазылмай кеңге құлашың.
...Ажал-ит
Қорыған жерге өш пе,
Білгенің айтшы расын?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу