Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  9


Автор: Иран-Ғайып

Бәрі

Бәрі –
Өзіңнің әмірің:
Тууы мен өлуі.
Қолыңда тұр,
Тәңірім,
Алудың да беруі.
Бір мен емес шығармын.
Қабыл хайыр кесесі.
Мыңға татыр Мұнардың
Кіммен толар есесі?!
Жылап тұрып сұрадым,
Тілегімді бер-сана?!
Сұрап тұрып жыладым,
Көз жасымды көр-сана!
Алатындай ырқымды
Ұлым жатқан мұздай көр.
Берер болсаң –
Шырқымды,
Шаттығымды бұзбай бер?!
Үрлеп ішеді емес пе,
Ауызы күйген қашанда?!
Түсе алмаймын егеске,
Қарасармысың?! –
Қасарма!
Беріштеніп,
Бекініп,
Таязсынып,
Тартынба?! –
Өгіздейін өкіріп
Қалар болсын артымда!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу