Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
4
Жүдеп жүрек-байғұсым
Жүдеп жүрек-байғұсым,
Сазға отырдым –
Сарнадым –
Жаным сүйген қайғысын
Жылап тауыса алмадым.
Көңілімнің наласы
Айналғандай теңізге –
Адамзаттың Баласы
Азабымен егіз бе?!
Тағдырынан шошынып,
Түгел бірін көргем жоқ.
...Мен жыласам –
Қосылып
Егіледі Жер мен Көк.
Бұ Дүниені тәрк етіп,
Тастап,
Лағып кеткім бар.
Мұңлы жырдың зарпы өтіп,
Жер де – Мұндар,
Көк – Мұндар!
Бірі –
Азып жылайды,
Бірі –
Құлазып жылайды:
Күн көреді қалайша
Мұндарлардан былайғы?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇