Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  19


Автор: Иран-Ғайып

Атаның көңілі балада-ай

«Атаның көңілі балада-ай,
Баланың көңілі далада-ай» –
Далада қалған баламды
Таба алмай естен танам-ай!
Жасырған жоғын талайдың,
Күн салып қырға қараймын.
Ханзадасынан айрылып
Қаңыраған патшасараймын.
Қайғымның тісі – күректей,
Тал-түсім – қара түнектей...
Алтын тағымның иесі-ау,
Оралсаң етті жүдетпей?!
Қиынға салды құдайым,
Құрт жеді жанның шұрайын,
Ақсирақ қылмақ артының
Хайырын жылап сұрайын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу