Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
30
Жер менен Көк астасып
Жер менен Көк астасып,
Өмір өкпесі қабынды.
Алтын Күнім қоштасып,
Дүние есігі жабылды.
Өшіріп жанған шырағын,
Би-Патыма-Ана жылады.
Мерт болып кенет Мұнарым –
Ғұмыр-Мұнарам құлады...
Табиғаттың ілкі сыйлығы –
Тегі – шын асыл таза-ды.
Алладан келді Бұйрығы,
Адамнан болды Ажалы!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇