Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
7
Мен – сен емеспін
«Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» – Халық Даналығы
Зауал-Індетіңді молайттың –
Қара Жер емеспін ғой,
Құдай!
Шер-Шеменімді зорайттың –
Қатқан Көн емеспін ғой,
Құдай!
Жүрек-Қанымды қарайттың –
Қалаулыңнан кем емеспін ғой,
Құдай!
Соқа Басымды сорайттың –
Мен – Сен емеспін ғой,
Құдай!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇