Аңыздар ✍️
ЭЛЛЕЙ БООТУР АҢЫЗЫ
Эллэй Боотур кім еді аңыз айтқан,
Аңыз айтқан шырынын тамыза айтқан.
Гүр-гүр етіп Ленадай асқақ өзен,
Жағалауға толқыны соғып жатқан.
Әрі батыр, Эллэй тұр, әрі көсем,
Көктемде айналаның бәрі де әсем.
Кім көріпті адамның мұндай сәтте,
Кететінін құлазып жаны да сәл...
Қарт Қаратау көзіне елестейді,
Сағыныштан сарғайған белес кейпі...
Бұл келгелі Ленаға мың жыл
бопты,
Жаны жайсаң жақсының шамы өшпейді.
Келе сала ту тікті мұз үстіне,
Епті қолға табылды жұмыс, міне!
Сахаларға үйретті қымыз сауып,
Айналаға тартуды дұрыс кіре.
Алтын, күміс,
Қорытты құрыш болат,
Жібермейді Қартқазақ бұл істе ағат.
Сахалар мәз үстінде итшананың,
Көсем барда тұра ма тірлік қарап.
Сахалар да үйренді мал бағуды,
Садақ тартып, тайгадан аң қағуды.
Хомус үні құбылтып күй шалғанда,
Ақ түтекті ұмытты - қарға мұңды.
Кейде осының біріне жауап іздеп,
Жағамызды тік тұрған қағамыз кеп.
Сахалар жүр ақ қарда құрт қайнатып,
Эллэй Боотур ең үлкен бабамыз деп.
Уақыт шіркін, тілі жоқ қой,
Бәрін де өзі айтар еді.
Саха көрсең күлімдеп қой,
Қазақ көрсең қайтер едің?!
Бар болыңдар! Бай болыңдар!Сақа - Қазақ! Қазақ - Саха!
Қазақ - Саха! Саха - Қазақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter