Өлеңдер ✍️
Ел мен жер
Ел мен жер
Шөбің шүйгін суың-бал,
Көсегелі өртең жер.
Көгала үйрек-қуың бар,
Көк толқынды көркем көл.
Алалы жылқы жусаған,
Апайтөс адыр, тепсеңдер,
Сайгүлік мініп сазыңда,
Нуыңды талай кешкен жер.
Тас бастаудан таналап,
Алқа-маржан таққан жер.
Арғымақтай өзені,
Алқына шапқан қақпанбел.
Жаңбырымен жанымды,
Жуындырған қайран жер.
Көкпар тартып, қыз қуып,
Балуан салған майдан жер.
Қыдыры келер қыдырып,
Құтхана сынды қыр мекен.
Сары жұртында әкемнің,
Ат ағашы тұрма екен.
Табаға нанын пісіріп,
Көтерген анам, таңнан бел,
Саусағының мөрі бар,
Жер ошағы қалған жер.
Жау жағадан алғанда,
Кетпесін деп арманда ел.
Бес қаруын бабамыз,
Айқасуға алған жер.
Аласапыран ағынды,
Тарихым бар дауылды.
Ізі қалған бабамның,
Іздеп бір барсам тауымды.
Ел мен жер еске түскенде,
Алысам түнде түспен де.
Жарысам ұшкан құспен де,
Сабырымнан кетемін,
Сағыныш уын ішкенде.
Сәби қиял жетелеп,
Бата алмаймын төтелеп,
Бармағымды тістерге.
Боздаса көңіл бөзінген,
Кезім жоқ сенен безінген.
Артта қалған елімді,
Еске алсам ене жерімды,
Ақ қағазға төгемін,
Шернияздай@ шерімді.
@Шернияз Жарылғапұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇