Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2026
35
Жалғыздық
Жалындатқан жүрегімнің ғазалын,
Ақ параққа өлең қылып жазамын.
Айналамды қараңғылық қаптаған,
Жалғыздықтың тартып жүрмін азабын.
Шаршап кеттім, сенбейсіңдер сөзіме,
Қарашы бір, тура қарап көзіме.
Жалғыздықтың татып жүрмін шарабын,
Удай маспын қайғы-мұңның өзіне.
Көңіл жарым, жанарда мұң - күлмеймін,
Ұйқы да жоқ, көзімді де ілмеймін.
Бұл күйімнің маған соңы белгісіз,
Жалғыздығым - тағдырым ба, білмеймін.
Жалғыздық-ай, жүрекке у саласың,
Кімге айтам жүрегімнің наласын.
Көп ойлансам, көзден жасым ыршиды,
Жалғыздықтың таппай жүрмін шарасын.
Амал қанша, ешкімгеде білдіртпей,
Көңілімнің жасырамын жарасын.
©Камал ҰЗАҚ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇