Өлеңдер ✍️

  22.02.2026
  499


Автор: Бақытов Мирас

Әке

Әке деген — асқар тауым биікте,


Тірегімсің өмірімнің күйінде.


Ақыл айтқан, жол көрсеткен әрқашан,


Жарық жаққа бастайсың сен түнімде.


 


Еңбекқорсың, шаршасаң да білдірмей,


Біз үшін сен талай қиын күн көрдің.


Жылы сөзбен демеп бізді әрдайым,


Болашағым — сенің маған бергенің.


 


Әке, саған алғысым көп жүректе,


Мейірімің мәңгі сақтар тіректе.


Аман болып, жанымызда жүр әркез,


Сен бар кезде бақыт бар ғой бұл шетте.


 


                                                     БақытовМирас




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу