Эсселер ✍️

  14.02.2026
  27


Автор: Ебелекбай Мерей

Халықтың медиа платформаларға тәуелділігінің әсері

10ақпан. 2026 жыл.


Автор, бас редактор: Ебелекбай Мерей Қайратқызы


 


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚҚА ДЕГЕН ҚАУІПІ НЕДЕ? 


 


Қазіргі таңда көптеген адамдар интернет желілерге тәуелділігі көбісіне белгілі және күнделікті істейтін жұмыстарды ұялы телефонсыз атқарылмайды. Біздің өмір- ғұрпымызға бұл қаншалықты әсер тигізеді? Ғаламтор желісіе адамдардың ең үлкен жетістігі болып табылады. Интернет медиалар арқылы, біз көптеген адамдармен қарым- қатынас құрып, кез-келген ақпаратты жылдам іздейміз, өзімізді қолжетімді, әрі оңай жолмен дамыта аламыз және тағы басқа көптеген мүмкіншіліктеріміз бар. Бірақ, бұл мәселенің терісі байланысына назар аударылмайды. Адамдар медиа, интернет, әлеуметтік желілерге қатты құмарланып кетеді. Мысалы: Tik tok, Instagram, Whatsapp және тағы басқа көптеген шамадан тыс пайдаланатын желілер. Бұл медиа платформалар адамға керек емес мөлшерді ақпаратты мида толтырады. Нәтижесінде бізде басқа пайдалы ақпаратқа орын қалмайды және ынталым да болмайды.


 


 


ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМАЛАР БІЗДІҢ ӨМІРГЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?!


Дофамин – мида бөлінетін қуаныш пен мотивация гормоны, яғни бұл бізге оңай, әрі тез берілетін бақыт сезімі. Ол тек наркомандарда болады деп ойлайсыздарма? Кейбіреуі ол тек наркомандарда болады деп ойлайды, бірақ дофамин әр адамда үнемі мида ол бөлінеді. Күнделікті өмірде біз видеоға лайк басқан сайын, комментарийге жауап алғаннан кейін дофамин бөлінеді. Әр лайк, әр видео, әр хабарлама жаңа стимул береді. Сол себепті адамдар әрқашан интернет желілерге кіре бергіміз келеді, өйткені ми бұны сыйлық деп санайды. Әр жеке тұлға күнделікті істейтін жұмыстарды жек көре бастап; пайдалы, әрі дамытушы іспен айналысқысы келмейді. Нәтижесінде, біздің ми деградацияға ұшырайды да, адамдар прокрастинацияға құмар болып кетеді.


 


 


БІЗДІҢ ЖАСТАРДЫҢ СОЦЖЕЛІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІГІ.


 


60-68%-дан астамы (шамамен 5,24 миллиард адам) әлеуметтік желілерді пайдаланады, пайдаланушылардың айтарлықтай бөлігінде тәуелділік белгілері байқалады. Әлем бойынша шамамен 210 миллион адамда әлеуметтік желілерге тәуелділіктің клиникалық белгілері бар, ал жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 11%-ға жетеді. 


(ақпарат жасанды интеллектен алынған)


 


Бүгінгі күнде біздің арада интернет медианы шамадан тыс қолданатын жасөспірімдер орасан көп. Қазірден бастап, ата-аналар балаларына кіші кезінен смартфонға бой үйретіп қояды. Нәтижесінде, бала кезінен гаджеттерді бақылаусыз қолданады. Өз-өзіне керекті жай құбылыстарды елемей кетеді. Олар: тамақ ішпейді, әжетханаға бару керегін сезбейді және т.б. алаңдататын мәселелер. BAQ бағдарламасында сұхбат алынған дәрігер, балаларға телефонның қауіпін түсіндіріп кетті. (21 Мамыр 2024 2024, 16:25) Тұрсынай Назарова балаларға 2 жасқа дейін смартфон беруге мүлдем болмайтынын айтып шықты: «Телефон немесе теледидар көп қарайтын балаларда көбінесе көру қабілетінің төмендеуі, тәбеттің, есте сақтау қабілеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, бастың ауруы деген сияқты өзгерістер болуы мүмкін.» Баланың телефонға әуестігі бір емес, бірнеше аурудың тууына себеп болатының хабарлайды. Бұл халықты алаңдататын өзекті мәселе болу керек, бірақ ешкім мұны аса маңызды деп санамайды.


(Тұрсынай Назаровамен сұхбаттасу:https://baq.kz/2-zhasqa-deyingi-balaga-muldem-telefon-beruge-bolmaydy-dariger-332021/)


 


УАҚЫТЫҢДЫ БЕКЕР ӨТКІЗБЕ, СОЦЖЕЛІЛЕР СЕНІҢ ЖАРТЫ ӨМІРІҢДІ АЛЫП ЖАТЫР.


(Менің бейнем ссылка:https://vt.tiktok.com/ZSmjsR53y/)


Көпшілік виртуалды ортада жарты өмірін, мүмкін одан да көп уақытын өткізгенді шын өмірінен гөрі артық көреді. Бұл тіршілікке жеткілікті зиян келтіреді. Адамдар қарым- қатынас шын өмірде қалыптастыра алмайды, бір- бірімен сөйлеспей, социофобия пайда болады. Интернет платформаларға бейімді адам, бетпе - бет сөйлесу қабілетін жоғалтып, коммуникациясы азайып, ода психологиялық қысым туындайды. Нәтижесінде ол болмыстан қашып, соцжелілерден жұбаныш табады. Мұның барлығы интернетке тәуелділік қалыптастырады, ақырыңда жеке тұлға бар уақытын телефонға арнап, өз өміріне назар аудармайды. Неге? Өйткені ішінде үрей болады. Ол үрей сіздерді шатастырып, тек оңай жол іздеуге қол жұмсайды. Сіздер бар уақытыңызды виртуалды өміріңізге кетіріп, нағыз тұрарлық мәселелерге көңіл бөлмей, қиыншылықтан алшақтайсыз. Көбісі достарынан, отбасынан алыстап кетеді, кейде жақындарымен мүлдем араласпай кетеді. Мұның барлығы психологиялық ғана емес, физикалық әсер тигізеді. Үйден басқа еш жерге шықпай денсаулығыныз бұзылады, ал денсаулық көңіл күйге ықпал етеді. Ақырында адамның психикасы құртылып, адам өз-өзінде жабылып қалады.


 


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН ТӘУЕЛДІЛІККЕ ЖОЛ БЕРМЕ ӨЗ- ӨЗІҢДІ САҚТАЙ БІЛ!


Сен бос кезінде телефонда 3 сағаттан артық отыратын болсан, қазірден бастап уақытынды үнемдеуді үйрен. Күн сайын жоспар кестесін құр. Қай уақытта бос боласын, сол кезді қадамдарға бөліп ал. Мысалы: 20:00 - ден 22:00- ге дейін уақытын бос, 1 сағат смартфонға арнасаң, қалған 1 сағат серуендеуге, кітап оқуға немесе биге арнасаң болады. Сонда күнін айтарлықтай өзгеше, әрі пайдалы болып өтеді. Ең бастысы, ұнаған нәрсемен айналысу, сол кезде психикана зақым келмейді және әр күнің бірқалыпты қалмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу