13.02.2026
  12


Қазақы қасиет қайда кеткен?

" Біріңді қазақ біріңді дос көрмесең істің бәрі бос" деп ұлы Абай айтып өткенмен осы қағидат


бүгінде өз күшіне енген жоқ. Шындығында адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан мінсіз


болмасы рас. Ол туралы" бес саусақ бірдей болмас" -деп қазақ атам қысқа қайырған. Алайда


ұятты ардан биік қоятын қазақ ешқашан жетімін жылатпаған , жесірін қаңғытпаған да.


Бірақ та заман өзерді ме, әлде адам ба әйтеуір бүгінде Қазақстандаа" зорлық-зомбылық"


алдыңғы қатардағы өзекті мәселе болып тұр. Оған дәлел 2025 жылдағы Құрылтайдағы Қасым


жомарт Тоқаевтің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірі арқау болмақ. Қай қазақтан


барып сұрашы, зорлықтың бізде қандай түрі жиі кездеседі деп, тізбектеп әлпештеген баласынан


тартып аялаған қызына дейін бірақ айтады. Сондағысы қайда жүр баяғының батырлары, әлде


сағы сынып ләм деп айтуға жарымағаны ма?. Ресми мәліметтерге сәйкес, бір жыл ішінде 40


мыңнан астам адам зәбір көріп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Жыл сайын шамамен


100 мыңға жуық әйел әртүрлі зорлық-зомбылық түрлеріне тап болады, бұл үрдіс соңғы уақытта


көмек сұрағандардың артуымен сипатталады, сонда айтылмай шыныдықтың беті ашылмай


жүргендері қаншама.


Өткен жылы Қазақстанда сан түрлі жаға ұстатар жаңалықтардың куәгері болдық.Шерзаттың


оқиғасынан бастап Нұрайдың қасақана өлімі дәлел болмақ.


Зорлық-зомбылық адам баласының ең басты құндылығы саналатын жеке тұлғалық


құқықтарын аяққа таптайтын, оның дене және психикалық тұтастығына нұқсан келтіретін қауіпті


құбылыс. Ол ерік-жігерге қарсы жасалып, физикалық, психологиялық, жыныстық және


экономикалық сипатта көрініс табады. Мұндай әрекеттер адам денсаулығына ғана емес, оның


ішкі жан дүниесі мен жүйкесіне де ауыр салдар тигізеді. Сондықтан зорлық-зомбылық заң


алдында қатаң жауапкершілік жүктейтін қылмыстық іс-әрекет. Қазақстанда 2024 жылғы 15


сәуірде әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заңға қол


қойылды. Бұл заң ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыстық


жауапкершілікке жатқызып, жазаны күшейтті, сондай-ақ отбасылық- тұрмыстық


қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесуді көздейді.


Өз сөзім - өзімдікі деп, ойдың таразысына жүгінгенде, ар мен ақылдың өлшемі бәрінен биік


тұратынын аңғарамыз. Көкірек көзі ояу қоғам ғана кемел келешекке қадам баспақ. Бүгінгінің


заманы білім-ғылым, оқыған-тоқығанның заманы. Елде жүрген ескі әдетті қойып, қазақы


қасиеттімізді жоғалтпай даралау керек. Тәрбие тал бесіктен, әр ата-ана баласына жастайынан


рухани ілім үйретіп, қадір-қасеттің не екенін үйретсе адамдықтың биік шыңына шығары сөзсіз.


Баяндаған :Нұржан Елина




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу