Шығармалар ✍️
Алып қашу: Көргенсіздік пе, әлде дәстүрді сақтау ма?
Қыз алып қашу – үйлену салтының бір түрі. Ертеден бастау алған бұл дәстүр қазақпен бірге жасап келеді. Кейбір жандар мұндай дәстүрді қазіргі уақытта қажетті салт деп есептесе, енді біреулер мұны ескіліктің қалдығы дейді. Қазақстандықтардың көп бөлігі қыз алып қашуды жабайылық санағанымен, оңтүстік өңірлері бұл жағдаятты қалыпты деп сараптайды.
Бүгінгі күнге дейін жастар арасында үйлену мақсатында адам ұрлау тоқтамға келмей жатыр. Қалыңдықты алып қашу - бұрынғы заманнан бері келе жатқан дәстүр. Қазақстан қоғамының негізгі бөлігі қалыңдық ұрлауды жабайылық санағанымен, оңтүстік өңірде бұл салт қазір де кездесуде. Бүгінгі күнге дейін жастар арасында қыз алып қашу, яғни үйлену мақсатында адам ұрлау тоқтамай отыр.
2019 жылы республика бойынша отбасы құру үшін адамды ұрлаудың 210 фактісі тіркелген, оның ішінде негізгі 102 дерек Түркістан облысында орын алды. Мәліметті облыс бойынша таратып көрсететін болсақ, Түркістан қаласында – 29, Сайрам ауданы мен Кентау қаласында – 19-дан, Жетісай – 11, Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында 6-дан. Қазақстанда қалыңдықты ұрлаған және оған қатысқан тұлғалар Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Егер қалыңдық некелесуге өз келісімін бермеген болса, оны алып қашу қылмыс болып саналады. Бұл қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 125- бабына сәйкес төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге ал, адамдар тобымен жасалған болса, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру
жазасы қарастырылған.
«Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес, неке – ерікті одақ. Егер бір жақ келісім бермесе, неке заңсыз деп саналады. Осыны ескере отырып, Түркістан облысының прокуратурасы жастарды заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады, себебі ойланбай жасаған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. (gov.kz сайтындағы Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлімет).
Бұл қылмысты жасаудың басты себебі – адамды ұрлау қылмыс болып табылатынын жастардың әлі де білмеуі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көтерген маңызды мәселенің бірі – қыз алып қашу. Мемлекет басшысы мұндай әрекетті өрескел, жабайы қылмыс деп атады. Адам құқығы тең зайырлы мемлекетте еркінен тыс қызды алып қашу қылмыс деп танылып, заң алдында
жауапқа тартылады. Алайда заң қатаңдатылғанымен, қыздарға күш көрсететіндер тыйылмай тұр. Биылғы Құрылтайда Президент бұл мәселені қайта қозғады. Қ.Тоқаевтың айтуынша, ер мен әйел өз еркімен шаңырақ көтеріп, некесін мемлекеттік мекемеде ресми түрде тіркейтін дәстүрлі отбасы институтын заңнамалық тұрғыдан нығайту қажет. Мемлекет басшысы елімізде әрбір азаматтың таңдау құқығы барын, оны біреуге күштеп таңа алмайтынын алға тартты.
«Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті. Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс», деп қадап айтты Президент.
Алдымен, әржақты оқиғалар мен мәселенің ушығуын қарай, проблеманың түп тамыры қайда жатқанын анықтау және шешу де оңай мехнат емес. "Қоғамдық сана өзгермейінше, заңдағы бір бап мәселені шешпейді", - деп құқық қорғаушы Айгерім Құсайынқызы айтқұандай, барша адам баласы дәстүрді орнымен қолданып үйренбей, ешқандай заң ештеңені ретке келтіре алмайды. Иә, заң – ортақ міндет. Алайда оған қайшы амал ету адамның өзін емес, жәбірленушіні қоса көрге тығады. Оны түсіне білу шарт. Тағы бір
өкініштісі дәстүрді ыңғайлау арқылы ағаттық кетіріп, әйел баласын қорлау. «Жеке шегара» ұғымы әр адамда бар бола, қыздың шегарасына қол сұғып, қиянат жасау – ауытқу. Жеке басының ыңғайы үшін сылтау етіп, тұлғаны қорлау қалыпсыз жағдай. Нақ осы сәтте тоқтамға келіп, бұл маңдайалды өзекті мәселені қалың қоғам болып қолға алып, шешіміне ұмтылмасақ, салдары ауыр, азабы мол қиянатқа да жетелеуі мүмкін. Адамгершілік пен ұятты, ұлттық болмысты дұрыс меңгеріп әбестікке жол бермейік !
Томирис ӘЛИХАН
Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇