Эсселер ✍️
Жастар арасындағы қүқықтық мәдениетті қалыптастыру
Қоғамның дамуы тек экономикаға байланысты емес. Елдің қаншалықты алға басқаны оның азаматтарының құқықтық сауаттылығынан да көрінеді. Заңды білу, оны сыйлау және құқығыңмен міндетіңді түсіну – өркениетті мемлекеттің негізі. Осындай мәдениет ең алдымен жастардың бойында қалыптасуы керек. Өйткені бүгінгі жас – ертең шешім қабылдайтын азамат, ата-ана, маман, тіпті ел басқаруға араласатын тұлға.
Жастарарасында құқықтықмәдениетті қалыптастыру– жайғаназаңбаптарынжаттату емес, бұл – азаматтықойлаужүйесін, жауапкершілік пен әділдіккедегенішкіұстанымды тәрбиелеу. Құқықтықмәдениетқалыптасқан қоғамдаадамдарзаңнанқорыққаннанемес, оны саналытүрдеқұрметтегенненорындайды. Ал мұндайдеңгейгежетуүшінқұқықтықтүсінік адамныңбойындаертежастанқалыптасуғатиіс.
Қазір құқықтық мәдениет мектептегі бір пәнмен шектелмейді. Ол адамның күнделікті өмірдегі әрекетінен, өзгелермен қарым-қатынасынан, қоғамдағы ситауцияларға көзқарасынан көрінеді. Адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің құқығын таптамау керектігін түсінгенде ғана құқықтық мәдениет туралы айтуға болады. Бұл – тұлғаның ішкі мәдениетінің бір бөлігі.
Соған байланысты, Қазақстанда бұл мәселенің маңызы күннен-күнге артып келеді. Мысалы, 2025 жылы Алматы қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған 330-дан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам жас қатысты. Бұл түрлі форматтағы семинарлар, пікірталастар, құқықтық викториналар, онлайн дәрістер мен құқық қорғау органдарымен кездесулер арқылы жүзеге асты. Дегенмен, әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, елімізде жастар мен жалпы халықтың құқықтық сауаттылығы әлі де ақсаңдап тұр. Мәселен, Қазақстан азаматтарының орта есеппен 25–30 %-ның құқықтық сауаттылығы төмен. Яғни, заң нормаларын түсіну мен қолдану дағдылары жеткіліксіз.
Бұған себеп — құқықтық білімнің тек теориялық деңгейде қалып, өмірлік тәжірибемен байланыспауы. Жастар ақпаратты интернет пен әлеуметтік желілер арқылы алады. Бірақ ондағы ақпараттың сапасы әртүрлі, заң нормалары бұрмаланып көрсетілетін жағдайлар да кездеседі. Мұндай ақпараттық орта жастардың құқықтық бағдарын шатастырып, заң нормаларын бұзу қаупін арттыруы мүмкін.
Оған мысал ретінде қарапайым студентті алсақ болады. Бір колледж студенті алғаш рет жұмысқа тұрған кезде қуанып, ұсынылған еңбек келісімшартына көз жүгіртпестен қол қоя салады. Жұмыс беруші «бәрі заңды, уайымдама» деген соң, ол сеніп қалған. Бір ай өткен соң жалақысы уәде етілген сомадан әлдеқайда аз болып шығады. Студент ренжігенімен, ештеңе дәлелдей алмайды. Себебі келісімшартта сынақ мерзімінде жалақы төмен болатыны жазылған, ал ол құжатты толық оқымаған. Осы жағдайдан кейін ол заңгерге жүгініп, өзінің еңбек шартымен танысуға, сұрақ қоюға және әділ талап етуге толық құқығы бар екенін біледі. Сол кезде ғана ол бір нәрсені түсінеді: заң адамды қорқыту үшін емес, қорғау үшін керек. Тек оны білу және қолдана білу қажет.
Бұл қарапайым оқиға бір адамның ғана емес, мыңдаған жастың басынан өтетін жағдай. Құқықтық мәдениет дегеніміз – дәл осындай сәттерде өзіңді жоғалтпай, өз құқығыңды білу.
Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлімаңызды. Мектептерде «Құқық негіздері» пәнінде жастарға заң әлемінің негізгі түсініктері оқытылады. Бұл заң нормаларын оқу мен түсіну кезеңі ғана емес, құқықтық мінез-құлықтың алғашқы сатысы. Жоғары оқу орындарында бұл білім нақты салалармен — еңбек құқығы, азаматтық құқық, авторлық құқық, интернет қауіпсіздігі сияқты пәндермен үйлестіріледі. Бұлжастардың заңды күнделікті өмірде қолдануына мүмкіндік береді.
Құқық пен заң туралы әлем ойшылдары Иммануил Кант: “Ешкімнің еркіндігі басқаның құқығын таптауға себеп болмауы керек”- десе, Платон: “Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ ”- дейді. Бұл заң мен құқықтың өз құндылығын ешқашан жоғалтпайтынын дәлелдейді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда бірнеше орта бірдей рөл атқарады. Отбасы – баланың еңалғашқы әлеуметтік мектебі. Үйде әділдік, тәртіп, жауапкершілік құндылықтары сақталса, бала оны қалыпты өмір салты ретінде қабылдайды. Мектеппен колледждерде берілетін құқықтық білім өмірмен байланысты, нақты жағдайлар арқылы түсіндірілсе ғана тиімді болады. Ал жоғары оқу орындарында академиялық адалдық, авторлық құқық, еңбек заңнамасы сияқты маңызды тақырыптар жастардың саналы көзқарасын қалыптастырады.
Ең маңыздысы – жастардың өз ұстанымы. Құқықтық мәдениет сырттан ғана берілмейді, ол адамның жеке таңдауы арқылы қалыптасады. Жалған ақпарат таратпау, біреуді қорламау, заңсызәрекетке үнсіз қалмау, өз құқығын да, өзгенің құқығын да құрметтеу – осының бәрі құқықтық мәдениеттің көрінісі.
Осылайша, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бұл болашаққа жасалған ұзақмерзімді инвестиция. Заңды түсінетін, әділдікті бағалайтын, жауапкершіліктен қашпайтын жасұрпақ қалыптасса, қоғамда сенім де, тәртіп те, тұрақтылық та нығаяды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇