Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2026
47
Кешікпей келем деп ең
Аңсаған арманым сияқтанып
Ай туып келеді қияқтанып
Жол жаққа қараймын
Сен жоқсың арайлым
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен
Қайтейін кіналап бұған сені
Сағатың алдаған шығар сені
Нұр ойнап көзіңде
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен
Көшеде сырласып, шалқып басып
Құрбылар барады қолықтасып
Тағатым таусылды
Аңсадым даусыңды
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇