Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.11.2025
70
Мен қорқамын
Мен қорқамын, түсінігі жоқтардан,
Мен қорқамын, тобырлардан, топтардан.
Жас баланың, қолындағы қанжардай,
Қауіпті олар, аласапыран оттардан.
Мен қорқамын, ойы шолақ жандардан,
Әкесінің, байлығы мен малданған.
Бар нәрсені, ақшаменен өлшейтін,
Қауіпті олар, жыртқыштардан аңдардан.
Мен қорқамын, ұяты жоқ наданнан,
Жаны осал, намыссыз боп жаралған.
Жерін сату, мұндай жанға түк емес,
Әлсіз олар , ар-иманы тоналған.
Мұңлы болып, атқан кезде ақ таңым,
Білмей қалдым , кімге сенім артамын?...
Онсыз менің, тосқауыл көп жолымда,
Екі жүзді, адамдардан қорқамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇