Өлеңдер ✍️
Сағынамын
Сағынамын, ойымдасың түндерде,
Жақсы көрем, жасырмаймын мен мүлде.
Сезіледі бір баяу жел сен жақтан,
Есілгендей самал желдің гүлдерге.
Біле алмай мен ыза болдым осыған,
Айтшы, жаным, құп болама қосылған.
Егер өзің тағдырыма жазылсаң,
Өзің үшін дем біткенше тосылам.
Кейде ойлаймын: неге сеннен кеттім деп?
Қазір жүрек соқпай қалды екпіндеп.
Түсінбедім, бірақ сені сол кезде
Іздемедің: «Айтшы, неге кеттің?» деп.
Жүрек сыздап, сағынғандық күйді сез,
Естен кетпес күзді күнгі сұрлы кез.
23-тің қысы сондай бақыттем,
Қазір ондай бақытты мүлде түсінбес.
Жек көргенім бар еді сені бір кезде,
Қызғанышты, қимастықты жүр сезбе.
Көңіл қалған ұмытылмас сол түні,
Болды жаным, кері қайт, елді кезбе.
Тырысқанмен болмады ұмыта алу,
Жоқ енді парктерге күнде бару.
«Ұмыттым-ау» дегенде неге келдің?
Енді болмас ұмытудың жолын табу.
Айтарым көп, ішімде ұйып қалған,
Сөйлесуді қалаймын, құлақ салған.
Жазғым келеді, әттеген, ай, жазалмаймын,
Өзіңді қайта көру болды арман.
Осымен бітірейін өлеңімді,
Сеземін бір күн сені көрерімді.
Күтіп жүрмін жолыңа ұзақ қарап,
Қоштаспаймын, жарығым, сүйем сені…
аii
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇