Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  199


Автор: Самрат Құскенов

Пайғамбардың шашын көрген сәт

Тәрбиеленіп даналардың сөзімен,
Бой түзедім руханияттың көзімен.
Шашын көріп, әсер алдым ғажайып,
Кездескендей Пайғамбардың өзімен.



Құдай берем десе, бәрін береді,
Соңымыздан текті ұрпақ ереді.
Пайғамбардың шашын салған құтыны
алған қолым сауаптарды тереді.



Қасиетті бағымыз деп ұғамыз,
Нәпсімізді арымызбен жығамыз.
Алла қолдап, оңға басып ісіміз,
Қабыл болсын жолдаған әр дұғамыз.



Таусылмасын тіршіліктің жақұты,
Берекелі өтсін елдің уақыты.
Кез келгенге бұйырмайды... Ұққаным,
Пайғамбардың шашын көру бақыты.



Бақытты шақ шіркін, тоқтап қала ма?
Кете барды ізін салып далама.
Пайғамбардың шашын көрген сәтімді,
Мақтанышпен айтып жүрем балама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу