Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  171


Автор: Самрат Құскенов

ӨЛЕҢСІЗ ӨМІР СҮРМЕЙМІН

 



Мен – өлең үшін туғанмын,
Әу бастан қиял қуғанмын.
Шығам деп ойдың шыңына,
Белімді бекем буғанмын.



Бәрібір, сына жанымды,
Қарсы алам нұрлы таңымды.
«Самрат – ит, шошқа», – деп боқта,
Қайната қоймас қанымды.



Тиіспе, бірақ, жырыма,
Жүректің ашқан сырына.
Төрт мезгіл – төрт жол боп тұрар,
Көз салсам әрбір жылыма.



Үңілмей ғасыр үніне
кеткеннің айтшы, құны не?
Қашанда лағнет айтамын,
Өлеңсіз өткен күніме.



Нәр алсам, ойдың Күнінен,
Жарасам Айдың күңімен.
Қас-көздің тербеп арасын,
Алысам жыр деп түнімен.



Өткенге қарап күлмеймін,
Құрдас деп, дос деп жүрмеймін.
Сырлассыз ғұмыр кешсем де,
Өлеңсіз өмір сүрмеймін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу