Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  109


Автор: Жәнібек Салқынбек

"Әлсізбін мен де"

 



Болса да мейлі таудай көмегі,
Жалғаннан жаным шамдай сөнеді.
Ақиқатыңнан айырма Алла
Адамның бәрі алдай береді.



Демейсің анық көздеген екен,
Өзімдей көріп сезбесем не етем?
Тура жолыңнан тайдырма Алла
Пенденің бәрі өзгереді екен.



Жеңілем бүгін алыстан тағы,
Көбейген заман арыстандары.
Көкірек көзді ашық ет Алла
Аузы барлардың данышпан бәрі.



Алсам деп жүрмін қай жақтан алғыс,
Өмірім күрес аяп па әр күш.
Абыройымды сақташы Алла
Балуан байлар аяқтан шалғыш.



Құламай жатып тамшы үздім неге?
Жанып та тұрып жансызбын деме.
Жаратқан Өзің жәрдем ете көр
Себебі құлмын, әлсізбін мен де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу