21.04.2025
  194


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Кездейсоқ  кездесу

     Наурыз  айы. Жердің  беті  көкке  боялғандай. Күн  көзі  университеттің  терезе әйнектеріне  шағылыса  қарайды, өз  түсіне  тоймайды. Студент  біткеннің   кеудесіне  қуаныш  ұялатар  қоңырау  да  соғылды.


     Поездан  қалып  қоярдай  дәрісхана  есігінен  қалжыңшыл  Берік  пен  Марат  кеуде  түйістіріп  бірінші  болып  шықты. Алдарынан  сап  етіп   екі  қыз  шыға  келді.


 -Сәлем  жігіттер!-деді  әлгі  ақ   құбаша  келген  екі  қыздың  бірі.


 -Сәлем!-деп   жауап  қайтарды  Марат   пен  Берік  қосарланып.


       « Неткен  әдемі  қыздар»  дегендей    Марат  Берікке     қарап  қалыпты.


   -Сіздер  тарих  факультетінде  оқисыздар  ма?-деді  екі  ақ  құбашаның  сұңғақ  бойлысы.


 -Берікті  танитын  боларсыздар ?-деді  сөзін  жалғастырып.


 -Қай  курста?-деді  қалта  айнасына  қарап  тікірейген  шашын  сипаған  Марат.


 -Үшінші курста, Берік  Сұлтанов,-деді  өз   сөзіне  сенімсіздік  білдіргендей  немесе   бір  ұрлығын  жасырғандай.


 -Сұлтанов?-түсінбеген  Берік:


 -Ол м...- дей  бергені  мұң  екен  Марат  оны  иығынан   түртіп  қалды.


     Мараттың  бір  қалжыңға  басқанын  сезген  Берік:


   -Иә, танимыз,


   -Ал   сіздер  кімі  боласыздар?-деді  Марат  анықтап  алғысы  келгендей .


   -Оның сүйікті қызымын,-   Бұл  сөздің  аузынан  қалай  шыққанын  сұңғақ  бойлы  қыз  байқамай  қалды.


      Көп  қыздармен  таныстығы  бар  Берік  «мүмкін  танымай  тұрған  болармын»  деді ме, әйтеуір, екі  көзі  сұңғақ  бойлы ақ  құбашада.


    -Берік  бізде  оқиды. Шақырып  келейін  бе?-деген    Марат  Берікті  ертіп  дәрісханаға  қайта  кіріп кетті. Марат  қайта шықты, соңынан  қадамын  санап  Берік  келеді, «сүйікті қызымын»  осы бір сүйкімді  сөзді   Берік ойша қорытып келеді.


  -Жоқ  па  екен? –деді  ақ  құбашаның  екіншісі.


  -Неге  жоқ, әне  өзі  де  келе  жатыр, Олар  енді  Беріктен  сұрады;


  -Берік  жоқ  па  екен, шақырдыңыз  ба?


  -Әрине.


  -Қайда  ол?


  -Міне,  -деді  Берік   өзіне-өзі  қолын  нұсқап.


  -Сіз  екенсіз  ғой,-деді  сұңғақ  бойлысы, сұлу  жүзі  құлпырып. Міне  қызық  дегендей  ақ  құбашаның  екіншісі  аңырып қарап қалыпты .Ішек-сілесі  қатып  Марат  күліп  тұр. Сұңғақ  бойлы  қыз:


   -Өлеңдеріңізді  газеттен  оқып  ем, сізбен  танысқым  келді,-деді  де  ұялғандай  бетін  жауып  жүрейін  деп  еді, Берік:


  -Есіміңіз  кім?-деді.


  -Марал.- дірілдеген  үнмен  біреуге  сыбырлағандай.


    Иә, Берік  осы  университеттің  ең  үлгілі  студенттерінің  бірі, ақын  жігіт. Өлеңдері  аудандық  газетке  де  жиі шығып  тұрады. Бір қараған қыз бұрылып қарайтын көрікті жігіт.


    -Сіздің  атыңыз  кім ?- деді  күлкісін  тыйған  Марат  ақ  құбашаның  аласа  бойлысына.


  -Шолпан,- деді  тал  шыбықтай  бұралып.


     Міне  осы  күннен  бастап  Берік  пен  Маралдың  таныстығы  нығайып, бір-біріне  деген  сүйіспеншілігі арта  берді.


    Құдай  аузына  салғандай  Марал Беріктің  шын сүйіктісі, өмірлік жары   болды.


                   Б&Б /   Бозбала мен Бойжеткен  газеті,  №4(58).2004




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу