Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
61
Ұнайды сендік қарашық!
Қарайсың маған ұрланып,
Жанарың жастай мөлдіреп.
Өмірім кетті нұрланып,
Барады ішім елжіреп.
Перісің әлде жанбысың?
Қылығың жағып барады.
Майысып мінсіз тал мүсін,
Көңілім сені қалады.
Бұрылып тағы қарадың,
Ақылым қалды адасып.
Көктемгі таңдай жамалың,
Ұнайды сендік қарашық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇