Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
64
Бүгін тағы қалдым жауын астында
Есте бәрі, төгілгенде көктен нұр,
Құштым сені күз нөсерін төккен түн.
Періштелер алып түскен тамшымен,
Жуылған шаштарыңды өпкенмін.
Күрсінемін еске түсіп өткен күн,
Айтшы емін елеңдеймін еңсем мұң.
Жаңбыр жауса,жүргендейсің тым жақын,
Жібермес ем құшағыңа жетсем бір.
Сені іздеп жалғыздықтан қаштым да,
Бүгін тағы қалдым жауын астында.
Шөліркеген жүрегімді суарып,
Ілбіп келем сәл мауқымды бастым да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇