Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  87


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Құшақтағым келеді  барлығыңды !

 


 


Қай кезде де тұратын құшақ ашып,


Жақсы көрем жандарды құшағы ашық.


Жүректері қарайып  тас болмайды,


Жүрсе жиі адамдар құшақтасып.


 


Сәл нәрседен жүретін бақыт құрап,


Ағадал жан  бәрінен бақыттырақ.


Сондай жаннан жатады  алып кетіп,


Ала көңіл кей-кейде алысырақ.


 


Аңсағанда  кең құшақ  ауылымды,


Бауырына  тартатын бауырымды,


Тас қалалық  тасбауыр жерлестерім,


Құшақтағым келеді  барлығыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу