05.03.2025
3423
Тәтті шайда айтылатын құдалардың тілектері
Болашақ құдалардың тілектері:
- "Жас жұбайлардың бақыты баянды болсын! Ұрпақ өрбітіп, бір-біріне сүйеу болсын!"
- "Қос шаңырақтың арасындағы сыйластық пен құрмет мәңгілік болсын!"
- "Құда болып, құйрық-бауыр жесек, татулығымыз бекісін, ара-қатынасымыз берік болсын!"
- "Жастарымыздың махаббаты мәңгілік, өмірлері берекелі, татулығы жарасқан болсын!"
- "Құдандалы болу – үлкен сыйластық. Екі әулет бір-біріне тек қуаныш, жақсылық тілесін!"
- "Бүгінгі кездескеніміз – үлкен достықтың бастамасы болсын!"
- "Жастарымыз ата-анасының үмітін ақтап, елге сыйлы, көркем мінезді ұрпақ өсірсін!"
- "Келешекте немере-шөберелердің қызығын бірге көруді жазсын!"
- "Біздің құдалығымыз көпке үлгі, мызғымас достықтың символы болсын!"
- "Бұл құдалықтың әр сәті қызықты, әр жылы қуанышты болсын!"
Қайырлы, берекелі құдалық болсын! ?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter