Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  227


Автор: Еркін Оралбайұлы

КӨҢІЛДЕГІ МҰҢ

 


 


 


Шиырланып тағдыр жібі өрілгенде,


Қайғы бұлты нөсерлетіп төгілгенде.


Бұл өмірдің мəні де кететіндей,


Жүрек сыздап, көкіректе сөгілгенде.


 


Қу тіршілік мəнсіз болып көрінгенде,


Сағым қуып өте шығар өмір демде.


Деген сөзге иланғанмын бұрынғының,


Көзден кетсе кетер деген көңілден де.


 


Естен кетпей түсімнен де, өңімнен де,


Маған ауыр сенсіз өмір өлімнен де.


Бірер сағат көрмесем сені аңсаймын,


Жаралған ба өзгешелеу көңіл менде?


 


Əлде, менің өмір жолым өзгерген бе,


Дегендей ме көзбен көрде, сөзге сенбе.


Өлеңменнен өзіңе сырымды айтып,


Қалмағандай басқа амал өзге менде.


 


Қызғанамын өзімнен де, өзгеден де,


Төзіп жүрмін, не шара бар төзбегенде.


Төрт түлігің сай болса да бұл өмірде,


Қиын екен қол жетпеген көздегенге.


 


Бұл махаббат бейуақытта кез келген бе?


Бұрын көңіл сезім іздеп кезбеген бе?


Омырауда алас ұрған жүрек бұрын,


Махаббаттың бар екенін сезбеген бе?


 


Еркін Оралбайұлы  24.01.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу