Өлеңдер ✍️

  22.02.2025
  273


Ақәділ Ақайдар

Өмір


  1. Өмір.

Өмір тартыс,


Кімдер оны білмейді,


Жыламасаң емшек ешкім бермейді.


Қайнап жатқан додасында көкпардың,


Тартыспаған ешкімді де жеңбейді.


 


Өмір соғыс,


Біз жауынгер майданның,


Ешкім білмес,


Жеңілерін қайдан кім?


Жолдан шығып кейде кетіп жатамыз,


Алдауына түсіп қалып  шайтанның.


 


Өмір талас,


Ары-бері екі жақ,


Тұру керек жүру үшін бір құлап.


Тауға тасқа соғар мына басыңды,


Жетелейді бір арманмен бір мұрат.


 


Өмір тараз,


Берер тура бағаңды,


Жемейді ол ырзығыңнан грамды.


Аларыңды,береріңді өлшейтін,


Жаным менің,


Таразыда тұр әні.


 


Өмір жолдар,


Мың бұралған иірім,


Ертеме кеш түйілетін түйіні.


Мейлі болсын қатігездік Жерде көп,


Өмір деген,


Өмір деген мейірім. Ақәділ Ақайдар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу