Өлеңдер ✍️
РАББЫМ АЛЛА!
Раббым Алла!
Мына мені сақтай гөр,
Қуат беріп, қиындықта жақтай гөр!
Пәле, жәле менен алыс кетсінші,
Раббым Алла, үмітім сен, ақтай гөр!
Раббым Алла!
Ашық етші жолымды,
Іс жіберші көкейіме қонымды.
Абыройым төгілмесін, өтінем,
Шешім жібер маған жақтас, болымды!
Раббым Алла!
Сенен қуат алайын,
Тынышымды бір өзіңнен табайын.
Арылтқызшы мына мені уайымнан,
Уайымсыз боп бір демалып алайын…!
Раббым Алла!
Қуатты етші, жігерлі,
Бар жақсыны жіберіп тұр үнемі.
Жасымасын саған сенген бұл пендең,
Үзілмесін ертеңіне күдері…!
Раббым Алла!
Сабырыңды мол етші,
Жанды жеген уайымыңды жоқ етші.
Қара сумен күн көрсек те, Құдайым,
Көңілімді уайымы жоқ, тоқ етші…!
Раббым Алла!
Орындалсын тілегім,
Тоқтамасын соғып тұрған жүрегім.
Жетейінші жайбарақат күнге мен,
Өзің болып қорғаушым мен тірегім…!
3.01.2025
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇