Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.02.2025
154
ТЕК БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАРШЫ, ТІЛЕРІМ!
Бүгін міне қуаныштың күні бұл,
Қос жүректің лүпілдеген үні бұл.
Ғалым, Лаура көк айдында тербелген,
Қос аққудың әні менен жыры бұл.
Құтты болсын үйлену той бүгінгі,
Отауларың болсын дәйім тұғырлы.
Шаңырақта шаттықтарың көбейіп,
Болыңдаршы Ғалым, Лаура ғұмырлы.
Жазылмасын жұптарыңыз әрдайым,
Қуана түс әр күн сайын, жоқ уайым.
Шуақ шашып күн күлімдеп көгіңде,
Жымың қақсын жұлдыздарың, түнде айың!
Тек бақытты болыңдаршы тілерім,
Бірге соғып дүрсілдеген жүрегің.
Үбірлі бол, шүбірлі бол, балалы,
Қолдап әркез жақындарың, бұл елің!
Армандарың орындалсын аңсаған,
Сапарлас боп жолдарыңа жақсы адам.
Биік самға, қанаттарың талмасын,
Тәнті болып өздеріңе барша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter