Өлеңдер ✍️

  09.11.2024
  144


Автор: Омархан Алтынбекұлы

Арсыз жанға

 


Су болдым ба? Төбемнен жаңбыр төкпей.
Сенсіз маған жүргендей уақыт өтпей.
Сағынышым мұң болып бара жатыр,
Көптен бері өзіңе қолым жетпей.


Мұңым болып барады, бұл көктемім,
Көптен бері өзіңе, сыр шертпедім.
Айтпасам да, сен өзің түсінесің,
Өзің үшін, өзгені тәрк еткенмін.


Сағынышым басылмай көңілдегі,
Саған қарай жетелер сезім мені.
Мүмкін мені кінәлар, сол үшін де,
Сен деп айтсам, сүйгенім өмірдегі.


Өзің едің , сенгенім, бір адамым,
Сатқындықтан мен оңбай тұраладым
Арсыздығың жаныма қатты батты.
Қайта тұрдым, мен бірақ құламадым.


Өзіңді жас көрсетіп, кімді алдайсың,
Айлакер қу түлкідей бұлғаңдайсың.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам,
Абайла жар шетінде тұрғандайсың.


Айналдырып алған мен жас баланы,
Махаббатың баянсыз бос болады.
Өзіңе де, оған да, жақсы болар,
Осы бастан тоқтатсаң масқараны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу