Өлеңдер ✍️

  05.11.2024
  291


Автор: Омархан Алтынбекұлы

ҚОҢЫР КҮЗ

 


Ала шабыр бұлттар басып аспанды,
Қоңыр күздің сұр жауыны басталды.
Салқын тартып, қыстан хабар келгендей,
Ағаштарда жапырақтарын тастады.


Салқын тартып, кей жерге тұман түсіп,
Жылы жаққа құстарда кетті ұшып,
Тояттаған жылқылар күздеудегі,
Ойнақтайды, шапқылап іші пысып.


Мейзам түсіп, арайланып шапағы,
Қоңыр күздің таңы кештеу атады.
Салқын тартып сіркіреген жаңбыры.
Кейде артынан қарға ұласып жатады.


Нұрын төгіп, күн шыққанмен жарқырап.
Күшіктер жүр, бүрсең қағып қалтырап,
Сылдыр қағып желмен бірге ұйтқиды,
Аяқасты қызыл, сары жапырақ.


Осы күзге байланысты тағдыры,
Қыстың қамын жасап жатыр барлығы.
Салқын түсіп, кейде басып боз қырау,
Ұзақ болар, қоңыр күздің жаңбыры.


Көк желегін шешіп тастап, қоңыр бел,
Сары түске енгендейме барлық жер?!
Қарашаның Желтоқсанға сəлемін,
Жеткізердей ұйытқиды суық жел.


Міне осындай, қоңыр күздің əлемі,
Төрт мезгілдің бəрі өзінше əдемі!
Қарашада жатса кейде қар басып,
Қоңыр күздің, қысқа берген сəлемі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу