Өлеңдер ✍️
Айдалада жалғыз үй
Қырау шалған сақалын
Атам шопан ордендi.
Жазда
Осы атамның
Үйне мен келгем-дi.
Айдалада, бұл үйде –
Әжем, атам, үшеумiз.
Үшеуімiз
Тек iңiрде Бiрге тамақ iшемiз.
Оянамыз таңнан бiз,
Кетедi атам қой жайып.
Үйде екеумiз қаламыз,
Екi жерде шошайып.
Екi шыны шай iшiп,
Тұрып кетем мен жылдам.
Әжем белi қарысып,
Тұрады әзер орнынан.
Содан тiзе бүкпейдi,
Басталады күйбеңi.
Кешке дейiн бiтпейдi Тiршiлiгi үйдегi.
Жұмсай қалса менi iске,
Қашан да әзiр көмегiм.
Керегi тұз, шөмiш пе,
Тез әкелiп беремiн. Iшке кiрсе – кiремiн,
Тысқа шықса – шығамын.
Әңгiме тек – тiлерiм,
Таусылмайды сұрағым.
Жауабына емiнiп,
Әңгiме айтам мен де оған.
Әңгiмеден зерiгiп,
Кейде ойынға ден қоям.
Ойыншығым мол, дайын,
Бiрге ойнайтын оны кiм?
Қандай ойын ойнайын,
Мандымайды ойыным.
Отыруға қамалып
Жетпеген соң шыдамым,
Келмек болып «демалып»,
Үйден ұзап шығамын...
Бiр тамбады-ау бұл жауын,
Бара жатыр шiлде ауып.
Жел үйiрiп қыр шаңын,
Дала жатыр сұрланып.
Не iстеймiн ендi мен,
Бiр қызық жоқ мұнда да.
Көкжиекке телмiрем,
Шалынбайды бiр қара.
Көлбеңдеген сағымнан
Көзiм талып, жалығам.
Жасыл желек жамылған
Ауылымды сағынам.
Аптап мынау өртеген,
Азынаған жел мынау.
Шопанның бұл өлкеде
Жүргенi де – ерлiк-ау!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇