27.03.2024
  1455


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Атамның ашуы

Келсе ашуы атамның,
Онша қатты ұрыспайды.
Үйді,
Айтып мақалын,
Шылым шегіп ыстайды.
Тістегендей дәу шыбын,
Ашығанда қолқамыз,
Шылымы денсаулығын
Құрта ма деп қорқамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

13.04.2025 22:45
Марқұм ата Ата,сіз жоқ - бірақ барсыз жүректе, Естелік боп сақталыпсыз тілекке. Жүзіңіз кеп елестейді түн сайын, Мейірімді көздеріңіз тірі кеудемде. Топырақ суып кетсе де үстіңізде, Жылу бар сіз салған әрбір ісімізде. Бізге берген ақылыңыз,батаныз- Жетелейді жарық жолға,тыныштыққа. Аулада отырар едің жымиып, Сөйлер едің шежіредей сыбдықтап. Сіз айтқан әрбір аңыз,әрбір тәмсіл, Жан дүниеме мәңгіге сіңіп қапты ұлы үміт. Сағындым иісіңізді,иығыңды, Қолдағы таяғыңды,тынышыңды. Таңменен тұрып бата берген кездер, Бала боп еркелеген қылықты қызды. Қайдасыз,ата?жұлдызсың ба көктегі? Жарық болып жолға түскен бек мені? Түсімде кейде келесіз де,үнсіз, Сылап өтесіз маңдайымнан көктемнің. Сіздің жоқтығыңыз - үнсіз ауыр үн, Кеудемде шер,көзімде тұнған мұң. Бірақ сіздің аманатпенен жүрген жан, Әрқашан да тік ұстайды өз арын. Марқұм ата,мәңгі бақи тірісіз, Сізсіз менде бүгінгі күн - тыныссыз. Жатқан жеріңіз жайлы болсын дедік, Жаратқаным жар болғай боп пірісіз.        Жазған:Әтен Нұрай
Ата
Ата 08.02.2025 21:57
Такпак 3 шумак
Ата
Ата 08.02.2025 11:41
Такбак

Пікір жазу