Өлеңдер ✍️

  14.03.2021
  5953


Автор: Бауыржан Момышұлы

Ескертпе

Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойландым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып күнім жақын,
Әр адам біле бермейд сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді, жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.

1943 ж.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нұрғиса
Нұрғиса 13.12.2025 14:56
Ия болады
Аяу
Аяу 12.12.2025 20:44
Ияда
Таңсық Аййша
Таңсық Аййша 18.11.2025 01:12
Бұны мәнерлеп оқуға айтсақ болама
;D
;D 11.11.2025 21:22
ия да
Сейтбек Еркеназ
Бұл өлеңді мәнерлеп оқуғада болама

Пікір жазу