Өлеңдер ✍️

  21.01.2024
  42


Маратова Арманай Шағанқызы

ҚОҢЫР КҮЗ


Қабағыңа қар жауып жатқандайсың,
Кейде өкіріп жылайсың,аттандайсың.
Кейде ғана ағарған ақ таңдайсың,
Толық жетпес бір айға ақпандайсың.

Қоңыр күзде мұңайып қалғанымды,
Жалғайын деп ойлап ем арманымды.
Дала деген сұрланып,ашуланып,
Байлағандай болады бар бағымды.

Көкіректі қимастық кернегендей,
Жапырақты салкын жел тербегендей.
Қабағына күннін де мұн уялап,
Кулімдеуге бұлт ырық бермегендей.

Көкте сұр бұлт өзінше сызданады,
Аспанның да байқалып мұз қабағы.
Үмітім үзілердей болып кетті,
Үзілгенде жапырақтың бір сабағы.

Көңілсіздің жасы өзеннің арнасындай,
Ашуланар басынан сөз асырмай.
Сұр бұлт тұрар жылаумен қашан көрсең,
Бейшараның қалыпты бағы ашылмай.

Семейге келіп едім алтын күзде,
Енді міне басталды қоңыр күзде.
Бірдеңені ойласам жүрек сыздап,
Қалғандай боламын мен жапан түзде.

Саусақтарды қаламсапқа артып алып,
Мұң жазайын деп едім қоңыр күзге.
Қыңыр күз бұлтын жиып төбемізге,
Жасын төгіп ол да айтар мұңын бізге.

Құралайды көзге атқан мергендеймін,
Байқамай кей кездері ербеңдеймін.
Төбемнен күн жарқырап шыққан кезде,
Жұмақтан анашымды көргендеймін.

Содан соң басар қайта қара түнек,
Қалғандай боп қаламын гүлде түнеп.
Қиялымды тоқтатып оянғанда,
Бірде тоқтап,соғады бірде жүрек.

Қоңыр күзім осылай өтер менің,
Жүрекке белгі қойып кетер ме едің.
Ең ақыры жалаңаш қалғаныңда,
Ақ тоныңды биікке көтер дедім!
22.11.2013



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу