Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.01.2024
396
ЖАН ӘКЕШІМ
Сіз кеткелі қанша уақыт өтсе-дағы,
Аспанымнан бұлт үйріліп көшсе-дағы.
Әкешім-ау, сенің бейнең сол қалпында,
Жап-жас болып ойымызда қалар мәңгі.
Білесіз бе, жан Әкешім, дара тұлғаң,
Пана тауып жүруші едім қанатыңнан.
Өзіңізді сағынатын, қамығатын,
Балаңызбыз қаныңыздан жаратылған.
Жүректесіз Әкешім-ау, санамызда,
Бізді қолдап жүргендейсіз арамызда.
Алаңдайсың біздер үшін, білем Әке,
Анашыма, қызыңыз бен балаңызға!
Қам жемеңіз алаңдап-ай, мықтымыз біз,
Дауылдарға мойымайтын, күштіміз біз.
Жұмыламыз бірге Әке, жұдырық боп,
Біздер үшін алаң болмай жүріңіз сіз.
Жалғасымыз жайдарлы біз өміріңнің,
Сайрап Әке әрқашанда көңілде үнің.
Балаларың есіміңе дақ түсірмес,
Тереңінен жайқалдырып өмір гүлін..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter