Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2023
945
Қос ішекті домбырам
Қос ішекті домбырам,
Қазағымның бейнесі.
Күмбірлеген, баурайтын,
Жанды тербер күй кеші.
Қос ішекті домбырам,
Лүпілдетер жүректі.
Әні менен күйімен,
Жарық етер түнекті.
Қос ішекті домбырам,
Бет бейнесі қазақтың.
Домбырамен өтеді,
Қызықты да, ғадап күн!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇