15.09.2023
160
Құтты болсын отбасылар күні бұл
Құтты болсын Отбасылар күні бұл,
Қуанышты шаттықты күй орналып.
Көбейсін тек мерейлі отбасылар,
Сыйластық пен ынтымақтық жалғанып.
Арайлы таң қуантып, нұр сыйласын,
Берекелі отбасылар көбейіп.
Аман болсын балалар, ертеңіміз,
Тынысымыз, өрісіміз кеңейіп.
Әрбір үйдің ортасы жайнасын тек,
Шаңырақтан кетпей еш қуаныштар.
Отбасының күнінде орнай берсін,
Жан көп болып жақсыға жаны құштар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇