Өлеңдер ✍️

  27.05.2023
  156


Автор: Серікбай Оспанов

Сыр тыңдаған ақ қайыңнан...

Сыр тыңдаған ақ қайыңнан


Балалық шақ өтті қырда.


Алған тәлім жастайымнан:


«Сындырма тал»,


«Көкті жұлма!»


 


Жоқ ол кезде мақта, мамық,


Жатып өстік тар тулақта.


Жүр жадымда қайталанып:


«Киелі құс, аққуды атпа!»


 


Үйге келген жыланды да


Ақ құйып ел шығаратын.


Жыр ететін құланды да


Атқан жанды сыбап ақын.


 


Құлағымда әкем үні:


«Құс ұясын бұзба!» деген.


Қаным сүймес  қатерліні,


Мылтық көрсем мұздар денем.


 


Сескенемін алдаспаннан,


Суық,


Сұсты маған бәрі...


«Қызыл кітапты» алғаш жазған


Біздің ауыл адамдары!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу