Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.05.2023
207
Кешіріңдерші адамдар
Ешкімге, айтпас сырым бар,
Ешкімге, шақпас мұңым бар.
Қаталдық етсем, байқамай,
Адамдар, мені ұғыңдар...
Болмаса, мына мұңлықты,
Қапасқа тығып, тыныңдар!
Жүректің шемен тасы бар,
Қозғасам, ұшқын шашылар.
Көрсетпей ғана, төгілер,
Көзімнің бітпес жасы бар.
Кешіріңдерші адамдар,
Кезі де келер, басылар.
Білемін, өмір сабылыс,
Қаласаң, у мен балын іш.
Санада сансыз сұрақтар,
Көңілде түпсіз, сағыныш.
Сыртыңнан күліп жүрсең де,
Ішіңде, ұлы жарылыс..!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter