Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  152


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қасиетті сыр

Қалаулымның қарасында жұмбақ бар,
(Тектен-текке бал ашпаңдар, ағайын.)
Өзім білем, жүрек сырың тыңдатқан,
Сол сезімде менің тағдыр — талайым.
Сұлу көзі: мынау,— дейді,— ғашығым,
Басқа екен деп ешбірің де адаспа.
Қайырымды ағайындар, асылы
Сандырақтап, тектен-текке бал ашпа.
Тұнған жұмбақ жалындаған қарашық,
Айтпақ сөзі тұншықтырар тағатты:
Кездесейік жүрме босқа бал ашып,
Кел, сүйіктім, белгіле де сағатты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу