Өлеңдер ✍️

  02.05.2023
  3251


Автор: Жеңіс күні

Ұлы күнге мың тағзым

Тоғызыншы мамырға,
Ұлы күнге мың тағзым.
Жеңіс күнін сыйлаған,
Ардагерге  мың тағзым.

Отан үшін аттанған,
Әкелерге мың тағзым.
Шейіт болған қаперде,
Аталарға мың тағзым.

Тылда жұмыс жасаған,
Аналарға мың тағзым.
Еңбек еткен жасынан,
Балаларға мың тағзым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу