Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  192


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

ҚҰР ҚАРАМА ТОПЫРАҚҚА, ТОПЫРАҚТА КІМДЕР ЖАТЫР

Құр қарама топыраққа,
топырақта кімдер жатыр,
Жүз неше мың пайғамбарлар

асыл жанды дүрлер жатыр.
Жәннатынан жеміс жеген,
сұхбат құрған періштемен,
Тамырын жайған тегіс, терең
Адам пайғамбарым жатыр.
Арқасын жүк түтіп жеген,
көзде жасы шүпілдеген,
Қағба іргесін бүтіндеген
Халил пайғамбарым жатыр.
Құрт жеп
, қылды тәнін құрбан,
бар бейнетке Тәңір қылған
Ыразы боп сабыр қылған
Аюп пайғамбарым жатыр.
Залуха атты жұтқан балық,
су түбіне бұққан барып,
Кәді* тамырын тұтқан ғаріп
Жүніс пайғамбарым жатыр.
Құл ғып оны сатса қолдан,
зынданында жатса да әрмән,
Мысырға кеп патша болған
Жүсіп пайғамбарым жатыр.
Жүсібінен айрылғасын,
қанатынан қайрылғасын,
Көзсіз қалған қайғы ұрғасын
Жақып пайғамбарым жатыр.
Қолда асасын жылан еткен,
суды айырып, бұдан өткен,
Перғауынды һарап еткен
Мұса пайғамбарым жатыр.

 Жан-Алламның сүйіктісі,
«Үмбетім» деп күйікті іші,
Барлық Нұрдың ұйытқысы –
Расул Мұхаммедім жатыр.
Айбарынан кәпір ыққан,
кәпірлердің оты бұққан,
Арыстандай атырып таң,
Әлі-Шердей нәһән жатыр.
Қолдарында құрандары,
мадақтаған тілі Алланы,
Фатима ана ұландары –
Құсайын мен Хасан жатыр.
Инелерін ғарық қылған
алып шыққан балық судан,
Тәж бен тағын тәрік қылған
Ибраһим Адхам жатыр.
Күндіз елге сайын болған,
түнде ілімге қайымданған,
Ғалымдарға дәйім қорған
Баязид Бестами кенім жатыр.
Ақиқаттың қазіреті,
еш сөнбеген әлі де оты,
Мәуләнаның нәзіреті
Конияда жанып жатыр.
Қара жердің астындағы
көп екен Хақ хас құлдары,
Хақиқаттан бас бұрмады,
сансыз сұлтан-ғалым жатыр.
Жүніс, сен де жоғаларсың,
жер астында не боларсың?
Насихатты ел содан алсын, –
көп күнәһар нағып жатыр?..


------------------
Кәді* – асқабақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу