Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  188


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

БІР ТАУ ІШІНДЕ

Адымдадым, тағы алдым
бес әлем
– бес қамалды,
Он сегіз мың ғаламды
кездім бір тау ішінде.
Көзім көзге ұсамай,
сөйлемедім
– құсадай,
Мінәжатты Мұсадай
еттім бір тау ішінде.
Төсенішін
– дүр білдім,
әшекейін
– нұр білдім,
Деп: «Үңгірі бұл кімнің?»

сұрап бір тау ішінде.
Тағы ілгері аттадым,
қолға ап, тағдыр
-тақтаның
Аяттарын жаттадым,
жаздым бір тау ішінде.
Аштым Мекке қағбасын,
сездірді исін Жан
-
Досым,
Әулиенің әммесін
көрдім бір тау ішінде.
Өттім жетпіс пердеден,
сырлар ашып зердеден,
Жан
-досымды
– көрмеген,
көрдім бір тау ішінде.
Жалтты аспандай жарқырап,
Жел гуілін тартып ап,
Сел сықылды сарқырап
ақтым бір тау ішінде.
Шайхымды іздеп түн кезе,
Көрсетті айқын пір
– меже,
Берді ғашық бір көзе,
іштім бір тау ішінде.
Жүректен зор тау болмас,
Хақтан табан аудармас,
Сұхбаттасқан сау қалмас,
 ердім бір тау ішінде.
Жүніс құрар базарын,
Достан бұрмас назарын. –
Ол Алламның ажарын
көрдім бір тау ішінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу