Өлеңдер ✍️

  30.03.2023
  40164


Автор: Мұқағали Мақатаев

Өмір деген

Өмір деген - ұлы сапар осынау,
Қиындықтар кезіксе де жасымау.
Өмір деген - қарап жүрмей досым-ау,
Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.
Өмір деген - міне солай жан бағу,
Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.
Өмір деген - өкініш пен қуаныш,
Өмір деген - алдау және алдану.
Өмір деген - өз-өзіңді басқару,
Басқара алмай кейде шалқып мастану.
Өмір деген - баю, тою, шірену,
Өмір деген - тиын санау, аш қалу.
Өмір деген - жалындыру, жалыну,
Өмір деген - сырқаттану, сауығу.
Өмір деген - күнә жасап, артынан
Тәубаға кеп заңдылыққа бағыну.
Өмір деген - жыл қарсы алып, жас қосу,
Танымайтын біреулермен достасу.
Өмір деген - бір адамды қарсы алып,
Бір адаммен мәңгілікке қоштасу.
Өмір деген мақталу да, датталу,
Жан досыңа бар сырыңды ақтару.
Өмір деген - күн артынан күн өту,
Бірде жылап, енді бірде шаттану.
Өмір деген - азу, тозу, семіру,
Жастық өтіп қартыққа да жеңілу.
Өмір деген - сағыну һәм ұмыту,
Өмір деген - ғашық болу, жеріну.
Өмір деген - арғы жақты сөз қылу,
Өз-өзіңе риза болу, жазғыру.
Туған күнді тойлай жүріп бір күні,
Өмір деген - аңдаусызда көз жұму.
Біздің мекен - бағзы өлке, ескі алаң,
Кімдер сірә, табанымен баспаған.
Жердің жүзін билегісі келсе де,
Мәңгілікке ешкім есік ашпаған.
Міне сондай, мен қозғаған ой мынау,
Өмір деген - тек тіршілік жайлы дау.
Қойшы досым, адамбыз ғой бастысы,
Жоқ болғанда қайтер едік деймін-ау...

М. Мақатаев




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нурик
Нурик 17.02.2026 22:16
Жаттау қиынба бұны?
Mɪᴋᴀsᴀㅤ愛ㅤ
Mɪᴋᴀsᴀㅤ愛ㅤ 10.02.2026 20:17
өте нашар котак
Нурмуханбет
Нурмуханбет 09.02.2026 21:25
Бұл өлең Мұқағали Мақатаевтіке емес. Тағайбек Тұрысбеков деген ақын жігіттің өлеңі. Құрметті Жарар сайты қателіктеріңізді түзетіп пост салсаңыздар дұрыс болар еді. Тағайбек деген ақын кезіндегі Мұқағали сияқты көлеңкеде жүрген өте талантты ақын жігіт.
Жаксы
Жаксы 27.01.2026 23:32
???666
Атын кім
Атын кім 26.01.2026 13:27
ТАТАК
К.И
К.И 05.01.2026 12:09
М.Мақатаевтың қай өлеңін алсаңыз да,жүректен кіріп тұла бойыңа жайылады
Феруза
Феруза 30.12.2025 07:32
Керемет өмірге деген көзімізді өзгертті
Инжука
Инжука 11.12.2025 18:48
Өте керемет?
Ғазиза
Ғазиза 12.11.2025 18:16
Керемет
Ерлан
Ерлан 03.08.2025 00:38
?
Айбар
Айбар 16.07.2025 17:06
Мен енді жаттап жатырмын
Дидар
Дидар 23.05.2025 01:07
Маған катты унадыы я аружан
08.03.2025 15:35
Өте күшті өлең
Еркеназ
Еркеназ 31.01.2025 00:34
Мен жаттап жатырмын 2025 тен сәлем өте керемет
Шаймардан Аяжан
Өте керемет ?
Каусар
Каусар 04.02.2024 10:18
Оте керемет

Пікір жазу