Өлеңдер ✍️

  08.02.2023
  11089


Автор: Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев қысқа өлеңдері

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір-ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай-қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!


 




 


Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.
Далаң қайда, туған елім?
Жатайын да ойлайын.
Бабам қайда, туған елім?
Сақалымен ойнайын.
Шөлің қайда, туған елім?
Шөліркейін, аңсайын.
Құлазыған құмдарыңда,
Ғұмырымды таусайын.
Көгің қайда, туған елім?
Желігейін, қалқиын.
Желің қайда, туған елім?
Желпінейін, шалқиын.
"Тауың қайда, туған елім?
Табынайын, ардақтай,
Жауың бар ма, туған елім?
Атылайын садақтай.


 




 


Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.
Анда-санда аударып парақтарын,
Күн батқанын білмедім, таң атқанын.
Бетіне ақ дастарқан тамып кетті,
Тулаған бойымдағы шарап-қаным!
Жырым, сырым - екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөлек емізбедім.
Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
Жабырқаған жаныма ем іздедім.
Таптым ба оны, білмеймін, таппадым ба,
Халім келмей қажыған шақтарымда!
Жан-жырым жанға шипа болғаны рас,
Әлсіреп, сөніп бара жатқанымда...


 




 


Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз де өтерміз,
Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден-өзіміз үялмаймыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ахмет
Ахмет 08.02.2026 12:03
Осыдан кішкене қысқалау "Автограф " Деген өлеңі бар соны да жаттауға болады
Нұрали
Нұрали 05.02.2026 20:40
Қысқа емесқо????
Жоқ
Жоқ 04.02.2026 23:14
Атттары қандай?
Е.....
Е..... 03.02.2026 21:28
Иа өте қысқа екен 3-4 жолдық өлең таблмадыма
02.02.2026 19:42
Неге аты жоқ
Есімімжоооққ
Есімімжоооққ 22.01.2026 18:22
Өленің аты қайдааа???
❤️‍?
❤️‍? 21.01.2026 21:42
Күшті
Айз
Айз 18.12.2025 20:23
Мм
Раяна
Раяна 16.11.2025 22:40
Күшті рақмет?
Жасмина
Жасмина 28.10.2025 15:28
Непале қысқа емесқооо
Айару
Айару 13.07.2025 23:52
Кыска емес ко
11.03.2025 13:26
норма
Мадияр
Мадияр 19.02.2025 22:55
Қысқа емессс
Каусар
Каусар 09.02.2025 19:09
Қысқа емес қой
Нұрасыл
Нұрасыл 05.02.2025 20:01
Тамаша
Дария
Дария 04.02.2025 22:46
Қысқа емесқо☹️??
Кәусар
Кәусар 29.01.2025 19:18
Күшті ???
Айымжан
Айымжан 28.01.2025 11:36
Керемет
Арайлым
Арайлым 22.12.2024 12:25
Күшті
Асия
Асия 22.01.2024 19:58
Тақпақ

Пікір жазу