Өлеңдер ✍️

  01.02.2023
  915


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Тірі жетімнің мұңы

 


Кішкентаймын.
Өкпем тау, жарық таңға?
Өмір зындан екен ғой тарыққанға.
Ата-анам менімен, ісі де жоқ,
Тірі жетім, боп жүрмін жан ұққанға!


Көрінеді іс басты…, жалған бекер,
Ақша десе анашым, жалмаң етер!
Қаңғырып жүр, әкем түк таппаса да,
Менің күнім қараусыз малдан бетер.


Ата-әжеге, қызғанып, қаратпады,
Кетті бауыр әкемнің тарап бәрі.
Жиі анам себепсіз шу шығарып,
Жан-жалына етеді шарап дәрі!


Ішімдегі шығып жүр, көзге шерім,
Анам қашан түсінер өз кеселін?!
Құрбыларым қанып жүр мейірімге,
Ал мен болсам, қиялмен кездесермін!


Әкемнің де, көз жасы қыстығады,
Бауырына білемін, ыстық әлі.
Адамдығын қайтейін құқығы жоқ,
Шілдесінде шалқайған, қыс тұманы.


Күнде жылап сұраймын бір Құдайдан,
Тілегімді бермесе, шыңды қайдам?!
…Тумай жатып, тағдырлы ете көрме…
Болмасыншы өмірім күллі майдан!


Кішкентаймын.
Өкпем тау, жарық таңға?
Өмір зындан екен ғой тарыққанға.
Ата-анам менімен, ісі де жоқ,
Тірі жетім, боп жүрмін, жан ұққанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу