Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  475


Автор: Қанипа Бұғыбаева

* * *

Сезімменен суып талай, жандым көп,
Бұл басымды етті кейде тағдыр доп.
Сыбырлады, құлағыма бір әкім,
«- Ақын болып қандай сыйлық алдың» - деп.
- Өз арымнан басқаша жоқ атағым,
Мақтанышым туған жерім, Отаным.
Уақыттың ыңғайымен құбылып
Айналдырып кимедім бақ - шапанын...
Әкімсымақ, бір сөз айтты ойланбай,
Сыңайы бар, той - думанға тойғандай.
Жүйрігім деп кешегі бір жабының
Құйрығына қоңырау байлап қойғандай.
Қысқа жіптей өмір өтер айналмай,
Жұлдыз көзді, болат - тұяқ, ай маңдай.
Құлагердің құлағанын білмейді - ау
Ешбір қолдан сыйлық алмай, бәйге алмай.
Орден жұлдыз іздемей - ақ өңірден,
Іздесеңші өлмес өлең көңілден.
Арманым не, адам болып туып мен,
Адам болып өтіп кетсем өмірден.
3/X-1989 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу