Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  471


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Өзімді сипаттау

Қабағым қатса егер күзіңдеймін,


Мен майда електерден сүзілмеймін.
Уайымнан шаршап жатып көз ілмеймін,


Қыл арқанмын тінім тәуір, үзілмеймін.
Піскенім жұртқа күмән дәм татпаса,


Бал шырыны тіл үйірер жүзімдеймін.


Бойыма терең бойлап көр,


Қабақ қандай, қас қандай!


Маңдайым бар маңқиған,
Таудан тауға асқандай.
Көңілім бар кіршіксіз,


Айдай ашық аспандай.
Үмітім бар үзілмес,
Күн сәулесін шашқандай.


Махаббат бар жүректе,
Жұпар гүлін ашқандай.


Арманым бар алдымда,
Тайға таңба басқандай.


Ойымды ашық айтамын,


Хан алдында жасқанбай.
Шаршағанда шаба алмай зорықтым,
Зарлы өлеңді кім оқыр деп қорықтым.
Шабыт келсе толған айдай толыппын,
Үш-ақ жылда ақынсымақ болыппын.


Мен дауамын жан жараны емдейтұғын,


Дүйім дерттің біріне де көнбейтұғын,
Жүзім жарқын, жырыммен жарқыраймын,


Мен жұлдызбын жүректен сөнбейтұғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу